2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығындары 1,044 трлн. теңгені құрап, 96,5 процентке орындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығындары 1,044 трлн. теңгені құрап, 96,5 процентке орындалды

2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығындары 1,044 трлн. теңгені құрап, 96,5 процентке орындалды

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. 2006-жылдың І жартысының қорытындысы бойынша республикалық бюджет шығындары 1,044 трлн. теңгені құрап, 96,5 процентке орындалды. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында ҚР қаржы министрі Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Тамыз 2006
  • 374
Фото - Caravan.kz



Н.Коржованың айтуынша, есепті мерзімде 37,9 млрд. теңге пайдаланылған жоқ. «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, қаржыны игермеуге бюджеттік бағдарлама қаржысын тиімсіз басқару, бюджет қаржысының қажетсіз болмай қалуы, сапасыз жоспарлау, ағымдағы шығындарды үнемдеу, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық құжаттарды дер кезінде қабылдамау себеп»,- деді қаржы министрі.

Перейти к новостям спорта