Н.Коржованың айтуынша, жергілікті атқарушы билік мекемелері бөлінген мақсатты трансферттердің 78,4 процентін немесе, 108,7 млрд. теңгені игерген. «Пайдаланылмай қалған мақсатты трансферттердің басты бөлігі индустрия және сауда министрлігі (8,5 млрд. теңге), денсаулық сақтау министрлігі (7,7 млрд. теңге), ауылшаруашылығы (7,4 млрд. теңге), білім және ғылым (3,3 млрд. теңге) министрліктерінің әкімшілік басқаруындағы трансферттердің үлесіне тиеді. Жоспардың орындалмай қалуына мемлекеттік тапсырыстардың дер кезінде орындалмай қалуы, байқаулардың өткізілмеуі, мемлекеттік сатып алудардың кешіктірілуі, мердігерлер тарапынан келісімнің шарттарын бұзуы себеп болған»,- деді министр.
«Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты ахуал да алаңдаушылық тудырады»,- деді Н.Коржова. «Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына арнап тұрғын үй құрылысын салуға арналған қаржының небәрі 2,4 млрд. теңгесі ғана, немесе, жоспардың 69 проценті ғана пайдаланылған»,- деді ол.
Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына арналған несиелік қордан 9,1 млрд. теңге игерілген. Ал осы саладағы игерілмей қалған қаржы жоспардың 52 процентін, немесе, 8,3 млрд. теңгені құрайды.