Өскемендік тәртіп сақшылары 22 пәтерді тонаған ұрыны ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскемендік тәртіп сақшылары 22 пәтерді тонаған ұрыны ұстады

Өскемендік тәртіп сақшылары 22 пәтерді тонаған ұрыны ұстады

ӨСКЕМЕН. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Өскемендік тәртіп сақшылары 22 пәтерді тонаған ұрыны ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2006
  • 386
Фото - Caravan.kz



Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұған дейін бірнеше мәрте сотталған 28 жастағы жігіт облыс орталығында кейінгі үш айда осынша ұрлық жасаған.

«Кәнігі қылмыскер көп қабатты үйлердің соңғы қабатындағы үйлерді тонауды кәсіпке айналдырған. Ол осындай үйлерге телевизиялық антенналардың кабелін пайдаланып түсіп отырған. Дене бітімі оған кішкентай желдеткіш арқылы үйге кіруге мүмкіндік берген. Ұры ақша және шағын көлемді бұйымдарды тонайтын болған»,- дейді ІІД өкілдері.

Тонаушының кесірінен пәтер қожайындары шеккен шығынның көлемі 2 млн. теңгеден асады.

Тәртіп сақшылары оны ұрланған заттарды сату барысында қолға түсірді. Қазір барлық ұрлық оқиғаларына қатысты жайттар анықталуда.

ІІД қызметкерлері пәтер тонаудан зардап шеккендердің саны бұдан да артық болып шығу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Перейти к новостям спорта