Ұлттық Банктің таза сыртқы және ішкі активтерінің өсуі 2006 жылғы шілдеде ақша базасының 1 162,9 млрд. теңгеге дейін 9,8% ұлғаюына негіз болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағандағы ақша базасы 1 060,0 млрд. теңгеге дейін 26,2% ұлғайды.
Айналыстағы қолма-қол ақша маусымда 550,0 млрд. теңгеге дейін 9,3%, ал банк жүйесіндегі депозиттер 2 154,0 млрд. теңгеге дейін 7,1% ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынының асып кетуі депозиттермен салыстырғанда маусымда депозиттердің ақша массасының құрылымындағы үлесінің 80,0%-дан 79,7%-ға төмендеуіне негіз болды.
Ақша массасының өсу қарқынының асып кетуі ақша базасының ұлғаю қарқынымен салыстырғанда маусымда ақша мультипликаторының 2,41-ден 2,55-ке ұлғаюына негіз болды.