М.Фрадков Ресейдің бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстарды дамытудан және бұл процестерге Украинаның да атсалысуынан мүдделі екенін жеткізді. Дегенмен ол осы орайда былай деп атап өтті: «Ресей жағы ол үшін Украинаның ойлануы қажет екенін түсінеді. Сол себепті біз Украиналық әріптестерімізді асықтырмаймыз».
«Виктор Януковичпен Сочидегі кездесуіміз ЕурАзЭҚ саммитінің аясында өткізілді. Бұл Украинаның бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі интеграциялық құбылыстардан мүдделі екенін дәлелдейді»,- деді М.Фрадков.
Қазіргі таңда ЕурАзЭҚ-қа біріккен елдердің санатында Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бар. 2002-жылдың мамыр айынан бері Украина осы қоғамдастықтағы бақылаушы мәртебесіне ие.