Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жеті айда сотталған 40 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жеті айда сотталған  40 адам қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жеті айда сотталған 40 адам қайтыс болды

СЕМЕЙ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жеті айда сотталған 40 адам қайтыс болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Хаким Күшқалиев пен абақты қызметкерлерінің кездесуінде 156/15 түзету мекемесі бастығының орынбасары Мұхтарғазы Төлеутаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2006
  • 464
Фото - Caravan.kz



Оның айтуынша, облыстағы түзету мекемелерінде сотталғандар арасындағы өлім көрсеткіші көбейе түскен. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың жеті айында Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде 40 адам, 2005-жылдың 12 айында 38 адам қайтыс болған. «Сотталғандардың 60 проценті стационарларда, 40 проценті түзету мекемелерінде қайтыс болған»,- деді түзету мекемесі басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, сотталғандардың басым бөлігі құрт ауруы мен жүрек ұстамасына дейін түрлі аурулардан көз жұмады. «Сотталғандардың ауруын бастапқы сатыларда айқындауға бізде медициналық жабдықтар жетіспейді. Мәселен, Жалғызтөбе абақтысы мен Өскемендегі құрт ауруы ауруханасына электрокардиограф пен диагностикалық жабдықтар қажет»,- деді М.Төлеутаев.

Алайда, қамаудағылар тек аурулардан ғана жан тапсырмайды, деді ол.

Оның айтуынша, облыстағы түзету мекемелерінде ағымдағы жылдың 7 айында сотталған 11 адам суық қару қолданылған төбелес кезінде қаза тапқан.

Перейти к новостям спорта