Бішкекте "Еуразия - проблемалар және келешек" атты халықаралық конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте "Еуразия - проблемалар және келешек" атты халықаралық конференция өтеді

Бішкекте "Еуразия - проблемалар және келешек" атты халықаралық конференция өтеді

БІШКЕК. 17-тамыз. Kazakhstan Today. 18-23-тамызда Бішкекте "Еуразия - проблемалар және келешек" атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Жогорку Кенешінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Тамыз 2006
  • 457
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бас қосуға Әзербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының парламентшілері қатысады.

Конференция қарсаңында 18-тамызда Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаттары оған келген қонақтармен жүздеседі.

Сондай-ақ, бас қосу барысында екі жақты кездесулер мен Ыстықкөлге сапар ұйымдастырылады.