Елімізде үкімет қаулысымен білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарына жаңа атаулар берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде үкімет қаулысымен  білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарына жаңа атаулар берілді

Елімізде үкімет қаулысымен білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарына жаңа атаулар берілді

АСТАНА. 17-тамыз. Kazakhstan Today . Республика үкіметінің қаулысымен білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарына белгілі мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың, ақындардың, дәрігерлердің, педагогтардың есімдері берілді, деп хабарлайды кттілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 17 Тамыз 2006
  • 734
Фото - Caravan.kz



Осы қаулыға сәйкес Алматы облысы бойынша Алакөл ауданының Екпінді орта мектебіне — профессор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Малғаждар Әубәкіровтың;

Қапшағай қаласы Шеңгелді ауылының № 6 орта мектебіне — тарихшы-ғалым Қадырғали Жалаиридің;

Алакөл ауданы Үшарал қаласының аудандық Мәдениет үйіне — халық әртісі Зейнеп Қойшыбаеваның;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Баршатас ауылының № 1 мектебіне — Оспанқұл Меңаяқұлының;

Алматы қаласы бойынша Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына — Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері Изатима Жекенованың есімі берілді

Алматы облысы бойынша Ескелді ауданы Матай Байысов ауылының Дзержинский атындағы орта мектебі — халық ақыны Темірғали Рүстембеков атындағы орта мектеп; Шығыс Қазақстан облысы бойынша Аягөз ауданы Тарбағатай ауылының Октябрь атындағы орта мектебі — Тарбағатай орта мектебі деп өзгертілді.

Перейти к новостям спорта