Қызылорда облысының Арал қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне үкім шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының Арал қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне үкім шығарылды

Қызылорда облысының Арал қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне үкім шығарылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Қызылорда облысының Арал қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Тамыз 2006
  • 522
Фото - Caravan.kz



ҚР ҰҚК-нің Қызылорда облыстық және Байқоңыр қалалық департаментінің баспасөз қызметінен хбарлағанындай, қылмыстық топ Аралда бопсалаумен, тонаушылықпен және есірткі саудасымен шұғылданған. Бұл топтың мүшелері осы жылдың ақпан айында құрықталды. Шұғыл іздестіру шараларының барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі, соның ішінде топ жетекшілерінің бірі — Бакинский деген лақап аты бар Б.Сағымбаев ұсталды. Тінту барысында ірі көлемде есірткі, қару-жарақ пен оқ-дәрі, аса ірі көлемде ақша, зергерлік бұйымдар мен берешек жөніндегі жазбахаттар табылған.

ҚР ҰҚК облыстық департаменті мен ҚР ІІМ-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі оңтүстік басқармасы ҚР қылмыстық кодексінің 181 және 151-баптары бойынша 9 қылмыстық іс қозғалып тексерілді. Арал аудандық соты Б.Сағымбаевқа бес жылға бас бостандығынан айыруға және оны қатаң тәртіпті абақтыда өтеуге үкім шығарды. Топтың басқа мүшелерінен А. Асанов, Б. Қалиев пен Е. Нәзікешев алты жылға, Н. Жаханов — он бір жылға, Е. Мубинов, Е. Кәрбозов пен Б. Сейсенов бір жылға бас бостандығынан айрылды.

Перейти к новостям спорта