Павлодарда халықаралық тасымалмен заңсыз шұғылданған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда халықаралық тасымалмен заңсыз шұғылданған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодарда халықаралық тасымалмен заңсыз шұғылданған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ПАВЛОДАР. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Павлодар қалалық прокуратурасы халықаралық тасымалмен заңсыз шұғылданған жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Тамыз 2006
  • 386
Фото - Caravan.kz



Қалалық прокуратураның мәліметіне сәйкес, жүргізушілер осылайша заңсыз жолмен күніне Павлодар-Екібастұз-Павлодар бағытында 6-8 рейс жасайтын болған.

Павлодар қалалық прокурорының орынбасары Бейсенбек Әлиевтің айтуынша, «бұл жүргізушілерде рұқсат құжаттары жоқ. «Тапсырыс» деген жазуды іліп қойып олар Екібастұзға және кері бағытта жолаушылардан 300 теңгенің орнына 255 теңге алып тасымал жасайды». «Осындай заңсыз тасымал қалалар арасында заңды қатынайтын тасымалдаушылардың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылып келген»,- деді прокурордың орынбасары. Сонымен бірге, заңсыз тасымалмен шұғылданатын жүргізушілер қауіпсіздік ережелерін бұзып, жолаушыларды артық алады.

Қазір заңсыз тасымалмен шұғылданатындардың үстінен әкімшілік іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта