«Сочи қаласында өткен ЕурАзЭҚ-тың бейресми саммитінде қабылданған шешімдерге сәйкес, Өзбекстан мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы арасында хаттамаға қол қойылды. Ол бойынша Өзбекстан Республикасы ұйымға мүшелікке өтуге байланысты барлық міндеттемелерді өзіне жүктеп алды»,- деді Н.Бордюжа саммитті қорытындылай келе.
«Осы сәттен бастап Өзбекстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының толыққанды мүшесіне айналғаны біз үшін маңызды»,- деді ұйымның бас хатшысы.
Ол сонымен бірге саммитте Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының антитеррорлық әлеуетін арттыру, ахуалдың өзгеруіне жауап қату жүйесін құру, «Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерінің жүйесінде мейлінше тиімді ықпалдастық жүйесін құру» мәселелері талқыланғаынн хабарлады.