Еліміздің 9 миллионыншы қазағы 2006 жылдың 10 маусымында тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің 9 миллионыншы қазағы 2006 жылдың 10 маусымында тіркелді

Еліміздің 9 миллионыншы қазағы 2006 жылдың 10 маусымында тіркелді

АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. Еліміздің 9 миллионыншы қазағы 2006 жылдың 10 маусымында тіркелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика агенттігінен хабарлады.

  • 17 Тамыз 2006
  • 407
Фото - Caravan.kz



Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі еліміздегі қазақтардың саны биылғы жылдың 1 шілдесіне 9 008 016 адамды құрағанын бұрын хабарлаған болатын. Ұлт пен еліміз үшін тарихи маңызы бар елеулі оқиға — елімізде 9 миллионыншы қазақтың тууына байланысты, статистика агенттігі оның кім екендігін анықтау мақсатында халықтың азаматтық хал жағдайын тіркеу жөніндегі уәкілетті органдары мен көші-қон полициясы қызметтерінің 2006 жылдың қаңтар-маусымындағы мәліметтері негізінде жасалған демографиялық деректер базасын статистикалық әдіснамалық әзірлемелерге сәйкес өңдеді. Нәтижесінде 10 маусымға қазақтардың саны 8 999 777 адамды құрағаны анықталды. Сонымен қатар, 10 маусымда АХАЖ органдарының тірі туған 191 қазақты және қайтыс болған 62 қазақты тіркегені, көші-қон полиция қызметтерінің шет елдерден елімізге келген 129 қазақты және елімізден сыртқа кеткен 1 қазақты тіркегені белгілі болды. Қорытындысында қазақтардың саны 10 маусымда 257 адамға өсіп, 11 маусымға 9 000 034 адамды құрады. Сөйтіп, Статистика агенттігі еліміздің 9 миллионыншы қазағы 2006 жылдың 10 маусымында тіркелгенін анықтады. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған 191 тірі туғандар арасынан тек үшеуінің ғана туған күні мен тіркелген күні 10 маусым екені, бірақ, өкінішке орай, біреуінің сол күні қайтыс болғаны, ал қалған екеуінің егіздер екені белгілі болды.

Осыған орай, статистика агенттігі, осы егіздің ішінен бірінші туған және 2006 жылдың 10 маусымында Индербор кенттік әкімшілігі бірінші тіркеген Әсем атты қызды Қазақстандағы қазақ ұлтының 9 миллионыншы тұрғыны деп хабарлайды. Әсемнен кейін туып және одан кейін тіркелген інісі Әсет, келесі — 10 миллионыншы көштің жол бастаушысы болып отыр.

Әсем мен Әсет Атырау облысы Индер ауданының перзентханасында дүниеге келген. Олардың тегі атасының аты бойынша, Мақтым деп жазылды. Жаңа туғандардың ата-аналары Индербор кентінде тұратын Абзал Мақтымұлы Әзірбай мен Гүлфан Хайроллақызы Бейсенғалиева. Әсем мен Әсет олардың тұңғыштары.

Перейти к новостям спорта