Мекеме ақпаратына сәйкес, 18-тамызда Астана уақыты бойынша 2 сағат 40 минутта Алматы-Бішкек тас жолының 95-шақырымында «Volkswagen» және «ЗиЛ» автокөліктері соқтығысып қалды.
Апат салдарынан «Volkswagen» автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.
Сонымен бірге 18-тамызда Алматының Әуезов ауданында 4 сағатта «Мазда» автокөлігінің жүргізушісі «Мицубиси» автокөлігімен соқтығысып қалды.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.