Елімізде балалар арасындағы қылмыс деңгейі төмендеп келеді - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде балалар арасындағы қылмыс деңгейі төмендеп келеді - ҚР ІІМ

Елімізде балалар арасындағы қылмыс деңгейі төмендеп келеді - ҚР ІІМ

АСТАНА. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда елімізде балалар арасындағы қылмыс деңгейі 12 процентке төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы Қанат Түксейітов баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Тамыз 2006
  • 612
Фото - Caravan.kz



«Егер 2005-жылдың жеті айында жасөспірімдер жасаған 3667 қылмыс тіркелсе, 2006-жылдың жеті айында бұл сан 3037 болды»,- деді Қ.Түксейітов.

Қ.Түксейітовтың мәліметіне сәйкес, «жасөспірімдер арасындағы ең көп қылмыс әсіресе Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді».

Қ.Түксейітовтың айтуынша, «ҚР ІІМ жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралардың кешенін жүзеге асыруды межелеп отыр».

«4-8-қыркүйек аралығында «Жасөспірім» атты республикалық шұғыл-профилактикалық шара өтеді», ол қылмыс жасауға бейімді, ішімдік немесе есірткілік заттар тұтынатын кәмелеттік жасқа жетпегендерді анықтауға бағытталған»,- деді Қ.Түксейітов.

Перейти к новостям спорта