Қырғызстанда АҚШ-тың әскери базасының жүк түсіргіш көлігі Ту-154 ұшағымен соғысып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда АҚШ-тың әскери базасының жүк түсіргіш көлігі Ту-154 ұшағымен  соғысып қалды

Қырғызстанда АҚШ-тың әскери базасының жүк түсіргіш көлігі Ту-154 ұшағымен соғысып қалды

БІШКЕК. 18-тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстандағы Халықаралық Манас әуежайында АҚШ-тың Ганси әскери базасының жүк түсіргіш көлігі Ту-154 ұшағымен соғысып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі әуежайдағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 18 Тамыз 2006
  • 393
Фото - Caravan.kz



Әуежай қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға кеше 17-тамызда түс алдында болған. АҚШ Әскери әуе күштерінің сарбазы үлкен жылдамдықпен келіп Қырғызстан азаматтық авиациясының пайдалануға жарамсыз болып қалған ұшағына келіп соғысқан. Соның салдарынан ұшақ пен жүк түсіргіш көлікке ақау келіп, жараланған сарбаз ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның себебін тексеру үшін АҚШ пен Қырғызстанның мамандарын тарту арқылы арнаулы комиссия құрылды.

Питер Ганси атындағы әуе базасы 2001-жылдың желтоқсан айынан бері Қырғызстанда орналасқан. Ол Бішкектен 30 шақырым жердегі Халықаралық Манас әуежайының аумағында.

Перейти к новостям спорта