«Заң бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйінде көлік айдауға байланысты,- дейді полиция қызметкерлері. — Рейд барысында осындай тәртіп бұзған 68 жүргізуші ұсталды».
Жол түйілістерінен дұрыс өтпеу — тағы бір кеңінен таралған заң бұзушылықтардың бірі. Осындай 7 дерек тексеру барысында әшкереленді.
Сонымен бірге автокөліктерін тиісті құжаттарсыз айдап жүрген бес жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама қозғалды.
Рейд нәтижесінде 8 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.