Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19-тамызда Бішкекте өткізілген шара барысында 31 жастағы Мәскеу тұрғыны ұсталды. Ол Оштан Ресейдің бір қаласына есірткі тасымалдаумен шұғылданған.
Ол жалдап тұратын пәтерден спорттық сөмкеге салынған 13,5 килограмм героин табылды. Тәркіленген есірткі салынған дорбаларда оған тапсырыс бергендердің аты-жөні жазылыпты. Тәжік аттары.
Тұтқын бұған дейін де психотроптық заттарды тасымалдап сатқаны және қару-жарақ сақтағаны үшін екі мәрте сотталған. Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушы Оштан Бішкекке жүкті жеткізіп бергені үшін 20 мың сом (500 доллар) алған.
Қазір күдікті Қырғызстанның есірткіні бақылау агенттігінің уақытша тергеу абақтысында отыр. Ол мүлкін тәркілетіп, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жүктеп алуы ықтимал.