Осындай институт құру туралы келісімге Қырғызстан үкіметі мен Германияның Подсдам қаласындағы жерді зерттеу орталығы қол қойған. Институтты ашуда Орталық Азия елдеріндегі геодинамика, күн райының өзгерісі, су және табиғи ресурстар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету басты мақсат ретінде қойылып отыр.
Қырғызстандық ғалымдар Германияның Подсдам қаласындағы жерді зерттеу орталығының мамандарымен көп жылдан бері ынтымақтаса жұмыс істеуде. Мәселен, 2004-2005-жылдарда Қырғызстан мен Германияның сарапшылары Энильчек мұздақтары мен биік тау мұздақтарынан түзілген Мерцбахер көліне кешенді зерттеулер жүргізді. Зерттеулердің қорытындысы жаңа электр станцияларын салуда пайдаланылады.
Институттың ашылу салтанатына Қырғызстаннның үкімет басшысы Феликс Кулов қатысты.