Алматыда құрылыс нысанында 50 адам тағамнан уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құрылыс нысанында 50 адам тағамнан уланды

Алматыда құрылыс нысанында 50 адам тағамнан уланды

АЛМАТЫ. 22 тамыз. Kazakhstan Today. Алматыда құрылыс нысанында 50 адам тағамнан уланды , деп хабарлайды КТК телеарнасы.

  • 22 Тамыз 2006
  • 593
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, 18 жұмысшы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген, қалғандары ауруханаға барудан бас тартқан. Жапа шеккендердің барлығы құрылыс нысандардың бірінде жұмыс істеп жүрген Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Компания басшылары оларға тамақты арнайы фирмадан алдыртады.

Оқиға болған құрылыс компаниясы Түрік және Канада азаматтарына тиесілі.

Жаппай улану дерегі бойынша арнайы комиссия құрылды.

Төтенше жағдайлар департаменті жедел әрекет ету бөлімінің бастығы Мұрат Жұматаевтың айтуынша, жұмысшылар тұрып жатқан жерде санитарлық ереже бұзылған. «Асханада су жоқ, газды баллон тұр. Ережеге сай мұнда 15-20 адам емес, 40-50 жұмысшы отырады», дейді ол.

Сондай -ақ , Бостандық аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының эпидемиология бөлімінің бастығы Айман Бекмұхамедова, іс жіті тексеруден кейін прокуратураға жіберілетіндігін айтады.

Перейти к новостям спорта