Ақтауда заңсыз ұйымдастырылған митингке қатысушылар қала әкімінің отставкаға кетуін талап еткен -"Әділ сөз" - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда заңсыз ұйымдастырылған митингке қатысушылар қала әкімінің отставкаға кетуін талап еткен -"Әділ сөз"

Ақтауда заңсыз ұйымдастырылған митингке қатысушылар қала әкімінің отставкаға кетуін талап еткен -"Әділ сөз"

АЛМАТЫ. 22 тамыз. Kazakhstan Today. Ақтауда рұқсатсыз өтіп, полиция қызметкерлерінің араласуымен тоқтатылған шеруге қатысушылар, қала әкімінің қызметінен босатылуын талап етті. Бұл жөнінде "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры таратқан хабарламада айтылған.

  • 22 Тамыз 2006
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Тұрғындар қазіргі қала әкімі Виктор Кохты қызметінен босатып, орнына Маңғыстау облысында туып өскен азаматты тағайындауды талап еткен «,- делінген хабарламада.

Түс ауғанша жиын бір қалыпты өткен, полиция қызметкерлері шеруге шыққандарды өз еріктерімен тарауға шақырыпты, алайда наразылық танытушылар қатары көбейіп, кешке дейін шамаман бір мыңға жуықтаған.

Қоғамдық қор өкілдернің айтуынша, акция барысында «31 канал»телеарнасының қызметкері зардап шекті. «Полицейлер журналистің жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, бейнекамераларын сындырған. Таспагерді резеңке таяқпен басынан сабаған».

Осыған дейін Маңғыстау облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада митингке 150-200 адам қатысқаны, бірақ «олардың қандайбір саяси немесе басқадай талап қоймағаны», — көрсетілген болатын.

Оған қоса, Маңғыстау облысының әкімшілігі наразылық акциясының өтуіне журналистер кінәлі деп есептейді. Әкімшіліктің таратқан баспасөз хабарламасында «адамдардың жиналуына «31-арна-Ақтау» телеарнасы тілшілерінің мас күйінде алаңда жүріп, жуырда таратылған парақшалардың мазмұнына қатысты адамдарға провокациялық сұрақтар қоюы мен олардың билік өкілдеріне менмендік танытқан әрекеті себеп болды» делінген.

Перейти к новостям спорта