Президент еліміздегі ақпараттық кеңістіктің бәсекелестік қабілетін дамыту жөніндегі 2009-жылға дейінгі тұжырымдаманы мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент еліміздегі ақпараттық кеңістіктің бәсекелестік қабілетін дамыту жөніндегі 2009-жылға дейінгі тұжырымдаманы мақұлдады

Президент еліміздегі ақпараттық кеңістіктің бәсекелестік қабілетін дамыту жөніндегі 2009-жылға дейінгі тұжырымдаманы мақұлдады

АСТАНА. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ақпараттық кеңістіктің бәсекелестік қабілетін дамыту жөніндегі 2006-2009-жылдарға арналған тұжырымдаманы мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Тамыз 2006
  • 716
Фото - Caravan.kz



«Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістіктің бәсекелестік қабілетін дамыту жөніндегі 2006-2009-жылдарға арналған тұжырымдаманы мақұлдауды қаулы етемін»,- делінген президент қол қойып, ресми баспасөзде жарық көрген жарлықтың мәтінінде.

Тұжырымдаманың мақсаты қазіргі заманғы әлемдік стандарттарды ескеру негізінде отандық БАҚ-тардың жұмыс сапасын жақсарту мен олардың бәсекелестік қабілетін көтеруге саяды.

Тұжырымдама екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңі 2006-2008-жылдарға есептелген. Онда «ақпарат саласындағы заңнаманы жетілдіру; отандық БАҚ-тарды одан әрі дамыту, отандық БАҚ-тарды қазақ тілін пайдалануға ынталандыру; ақпараттық нарықта жоғары деңгейдегі бәсекелестік ахуал қалыптастыру, бәсекелестікке ынталандыру; ұлттық ақпараттық және ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңалау және осы салада технологиялық тұрғыда артта қалушылықты еңсеру» шаралары қарастырылған. Екінші кезеңде ақпараттық нарықты одан әрі дамыту мен жалпы еліміздің бәсекелестік қабілетін көтеру; сондай-ақ, ақпарат саласындағы жаңаша секіріске жағдайлар жасау көзделген. Тұжырымдамада сонымен бірге елімізде сандық телевидениені қолданысқа енгізу мақсаты алға қойылған.

Тұжырымдаманың жобасын жасаушылардың пайымдауынша, «оны жүзеге асыру еліміздегі ақпараттық нарықтың сапалық дамуына жағдайлар жасауға, отандық ақпараттық кеңістіктің және ұлттық және ғаламдық ақпараттық нарыққа кәсіби қатысушылардың бәсекелестік қабілетін көтеруге мүмкіндік береді».

Перейти к новостям спорта