Тәртіп сақшылары Алматыда қарақшылық шабуыл әрекетіне тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары Алматыда қарақшылық шабуыл әрекетіне тосқауыл қойды

Тәртіп сақшылары Алматыда қарақшылық шабуыл әрекетіне тосқауыл қойды

АЛМАТЫ. 22-тамыз. Kazakhstan Today. Тәртіп сақшылары Алматыда қарақшылық шабуыл әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 22 Тамыз 2006
  • 458
Фото - Caravan.kz



Тәртіп сақшыларының айтуынша, кеше түнде күзет жасағы Жібек Жолы және Қашғар көшелерінің қиылысында бір топ еркекті көзі шалған. Тәртіп сақшыларын байқап қалған әлгілердің біреуі бұталардың түбіне қарай бірдемені лақтырып жібереді. Көмекке әріптестерін қосып шақырған тәртіп сақшылары күдікті алты еркекті ұстады. Әлгі маңды тінту барысында күзетшілер жасағы «Оса» пневматикалық тапаншасын, оғы бар шолақ мылтық, көзінің тұсы ойылған бетперделер мен қара қолғапты тапты. Сонымен бірге тінту кезінде әлгі еркектерден марихуана тәркіленді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысының, қалғандары Тараздың тұрғындары көрінеді.

Тәртіп сақшыларының алдын-ала жорамалына сәйкес, топ сол маңайда орналасқан әлдебір жеке меншік үйге қарақшылық шабуыл жасауға дайындалып жүргенге ұқсайды.

Перейти к новостям спорта