Ақпарат көзінің хабарлауынша «Қоғалы» шекаралық заставасының қызметкерлері шекара бұзған 15 адамды ұстады, олардың арасында Қазақстанның 5, Өзбекстанның 10 азаматы бар. Олар Қазақстаннан Өзбекстанға қарай жаяу бет алған. Өзбекстанның тағы 32 азаматын «Мырзакент» заставасының шекарашылары, 8 азаматты «Сарыағаш «заставасының шекарашылары ұстады.