Елімізде алдағы үш жылда шикізаттан басқа салаға қажетті инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде алдағы үш жылда шикізаттан басқа салаға  қажетті инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетеді

Елімізде алдағы үш жылда шикізаттан басқа салаға қажетті инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетеді

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Елімізде алдағы үш жылда шикізаттан басқа салаға қажетті инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетеді. Бұл туралы "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Тамыз 2006
  • 485
Фото - Caravan.kz



«Елімізде алдағы үш жылда шикізаттан басқа салаға қажетті инвестиция көлемі 10 млрд. долларға жетеді. Даму институттарының көмегімен біз 3,5 млрд. доллардың жобаларын қаржыландырмақпыз»,- деді Қ. Келімбетов. Оның айтуынша, «Қазақстанда және Қырғызстан мен Тәжікстанда төрт су электр станциясының құрылысын салуға, сондай-ақ, биоэтанол өндірісіне қатысты төрт-бес жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсету межеленіп отыр».

«Шикізат өндірмейтін салада ауқымды әрекеттерге бел буатын мерзім жетті деп ойлаймыз. Даму институттарының осындай ауқымды қатысуы ғана елімізде өңдеу өнеркәсібін дамытуға түбегейлі әсер ете алады»,- деді Қ.Келімбетов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылдың 1-шілдесіндегі жағдаймен даму институттарының жиынтық жарғылық капиталы 144,2 млрд. теңгені құрады (1,2 млрд. доллар).

Перейти к новостям спорта