Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жазаланушы, әкім болып тұрған кезінде өз бетімен жер комиссиясының қарауынсыз , бір жылға 0,6158 гектар жер беру туралы шешім қабылдаған. «Жер учаскесі «Мамлютский машиносроительный завод» ЖШС тиесілі арналық кәрізді бөлшектеу мақсатында жалға берілген, соның салдарынан мекеме 15 млн. теңгеге шығынға батқан», дейді қаржы полициясының өкілдері.
«Мамлютский машиносроительный завод» ЖШС өкілінің шағымынан кейін аудандық прокуратура Мамлютка қаласы әкімнің шешіміне қарсылық танытты. Сол кезде аудан орталығының басшысы шешімін өзгертіп, құжатты сол датамен рәсімдеген.
Облыстық сот бұрынғы әкімнің мүлкін тәркілеп 2,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оған қоса, бұрынғы шенеуік үш жылға дейін жауапты мемлекеттік қызметте істей алмайды.
«Айыпталушының мұнша қатаң жазаға тартылуына, оның мемлекет мүддесіне нұқсан келтіруі, қоғамдастық алдында мемлекеттік биліктің беделін түсіруі себеп»,-деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері.