Республикадағы емдеу -профилактикалық мекемелердің үштен бірінде санитарлық ереженің бұзылғаны анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикадағы емдеу -профилактикалық мекемелердің үштен бірінде санитарлық ереженің бұзылғаны анықталды

Республикадағы емдеу -профилактикалық мекемелердің үштен бірінде санитарлық ереженің бұзылғаны анықталды

АСТАНА. 24 тамыз. Kazakhstan Today. Республикадағы әрбір үшінші емдеу-профилактикалық мекемеде тазалық ережесінің бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі мемлекеттік санитарлық қадағалау комитеті төрағасы, елдің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоногқа сілтеме жасап.

  • 24 Тамыз 2006
  • 633
Фото - Caravan.kz

«Облыстық денсаулық сақтау және санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменттері ұсынған мәліметтер бойынша, тексерілген мекемелердің 34%-де санитарлық дезинфекциялық залалсыздандыру ережелерінің бұзылғандығы белгілі болды»,-дейді Анатолий Белоног Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Ол денсаулық сақтау департаменті барлық облыстық емдеу мекемелеріндегі стерилдеу және дезинфекциялау тәртібінің сақталу барысын мұқият тексеруді тапсырғанын ескертті. 20 тамыз күнгі жағдаймен республикадағы медицина мекемелерінің 99% тексерілді.
А.Белоногтың айтуынша, анықталған заң бұзушылықтардың басым бөлігі «медицина қызметкерлерінің жұмысына, қажетті құрал жабдықтың жетіспеуіне , стерилдеу ережесінің сақталмауына байланысты». «Орын алған келеңсіздіктерге қатысты тиісті ескертулер жасалып, бүгінгі таңда олқылықтар жойылды»,-деп атап өтті ол.

Перейти к новостям спорта