2006 жылдың тамыз айында Атасу- Алашанькоу мұнай құбыры арқылы 210 мың тонна мұнай айдау көзделуде - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылдың тамыз айында Атасу- Алашанькоу мұнай құбыры арқылы 210 мың тонна мұнай айдау көзделуде

2006 жылдың тамыз айында Атасу- Алашанькоу мұнай құбыры арқылы 210 мың тонна мұнай айдау көзделуде

АСТАНА. 24 тамыз. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылдың тамыз айында Атасу- Алашанькоу мұнай құбыры арқылы 210 мың тонна қара алтын айдау жоспарланып отыр. Бұл жөнінде энергетика және минералды ресурстар министрлігінің алқа жиынында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ президенті Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 24 Тамыз 2006
  • 586
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, шілде айында аталған мұнай құбыры арқылы 186 мың тонна қара алтын тасымалданған.

Осыған дейін хабарланғандай, 2006 жылы Атасу -Алашанькоу құбыры арқылы 3,5 млн. тонна мұнай айдау жоспарланған. Мұнай құбырын іске қосу рәсімі 2005-жылы 15-желтоқсанда өткен болатын. Құбырдың ұзындығы 960 шақырымды құрайды, жобаның құны шамамен 700$ млн.

Келісім-шартқа сай, құбыр арқылы жыл сайын 20 млн. тонна қара алтын тасымалдау көзделген.

Перейти к новостям спорта