Үкімет 2007-жылға арналған республикалық бюджетті мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2007-жылға арналған республикалық бюджетті мақұлдады

Үкімет 2007-жылға арналған республикалық бюджетті мақұлдады

АСТАНА. 24-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен үкіметтің отырысында 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Тамыз 2006
  • 348
Фото - Caravan.kz



«Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ»,- деді отырыста сөз сөйлеген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов.

Оның айтуынша, 2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.

Перейти к новостям спорта