Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі мен қару-жарақ тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі мен қару-жарақ тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан есірткі мен қару-жарақ тәркіленді

ШЫМКЕНТ. 24-тамыз. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынынан ірі көлемдегі есірткі партиясы мен қару-жарақ тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Тамыз 2006
  • 447
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшыларына Мақтаарал ауданының 47 жастағы тұрғыны есірткі саудасымен шұғылданады деген хабар келіп түсті. Күдікті құрылысшы болып істеп жүрген Көмешбұлақ ауылындағы құрылыс нысанына келген Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері «Бүркіт» тобының сарбаздарымен бірлесіп одан бірнеше грамм апиын тәркілеген. Осы жерде күдіктінің заттарының арасынан ТОЗ-12 бесатары, екі жаяу әскерге қарсы және бір танкіге қарсы қолданатын граната, тапанша мен Калашников автоматының, «Сайга» карабинінің және ірі калиберлі пулеметтің 600 дана оқтары табылды. Артынан күдіктінің үйіндегі тінту кезінде 3 килограмм марихуана мен 247 грамм апиын шықты.

Тұтқын табылған есірткіні өзім тұтынамын дегенді алға тартуда. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оперативтік қызметкерлер оның есірткі саудасына және лаңкестік әрекеттерге қатысы бар — жоқтығын анықтауда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл адам сонау Кеңестік кезеңде адам зорлағаны үшін 10 жылға сотталса, 1998-жылы қолдан ақша жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылған.

Перейти к новостям спорта