«Кеңеске қатысушылар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ахуал мен ықпалдастықтың келешегі, көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жайында пікір алмасты».
Өкілдердің басшылары кезек күттірмес «пилотты» жобаларды жасау жұмыстарын пәрмендендіру, ұйым шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Іскерлік кеңесі мен банкаралық бірлестігімен арадағы ықпалдастықты күшейту, сондай-ақ, көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық базасын кеңейту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
«Сауда-энергетикалық кешен және жоғары ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты жолға қою үшін тиісті бағыттар бойынша арнаулы жұмыс топтары құрылды»,- делінген хабарламада.
Кеңесте «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының аймақтық экономикалық ынтымақтастығы» атты вэб-сайтты пайдалану және қызмет көрсету саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі хаттама мен қорытынды хаттамаға қол қойылды. Кездесу қорытындысы бойынша министрлердің кезекті кеңесін 2007-жылдың екінші жартысында Қазақстанда өткізу жөнінде келісім жасалды.