«Алматы қаласында облыстық сотпен теңестірілген және Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Алматы қаласындағы аймақтық қаржылық орталыққа қатысушылар арасындағы азаматтық-құқықтық дауларды қарауға құзыретті мамандандырылған қаржылық сот құруды қаулы етемін»,- делінген жарлықтың мәтінінде.
Жарлыққа сәйкес, ҚР Жоғарғы сот кеңесі мен ҚР Жоғары сотының төрағасы заңда білгіленген тәртіпке сәйкес сот төрағасы мен судьялықтан үміткерлерді іріктеуге шаралар қолданып, соттың мамандар құрамына қатысты ұсыныстарды президенттің қарауына ұсынуға тиіс.
Алматы қаласының әкімі 2006-жылдың 1-қыркүйегіне дейін сотқа ғимарат бөліп беруге тиіс.
Үкімет, Жоғарғы сот пен ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитеті 2006-жылдың 1-қазанына дейін жарлыққа қатысты басқа да шараларды жүзеге асыруға тиіс.
Жарлықтың орындалуын қадағалау президент әкімшілігіне жүктелген.
Жарлыққа 17-тамызда қол қойылған және қол қолйылған сәттен бастап күшіне енеді.