Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір құрылысы 2007-жылдың қыркүйегінде аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір құрылысы 2007-жылдың қыркүйегінде аяқталады

Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір құрылысы 2007-жылдың қыркүйегінде аяқталады

АҚТАУ. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір құрылысы 2007-жылдың қыркүйегінде аяқталады. Сөйтіп, көпір межелі мерзімнен бір жарым жыл бұрын салынып бітпек. Бұл туралы Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин Ақтауда өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2006
  • 483
Фото - Caravan.kz



Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуінде ол көпір құрылысын салу барысын қарқындандыру арқылы оны қысқа мерзімде аяқтау жөнінде ұсыныс жасаған.

А.Жилкиннің айтуынша, көпірді тарту — «Батыс-Шығыс» дәлізін дамытуға бағытталған негізгі жоба болып табылады. «»Батыс-Шығыс» дәлізін дамытуға өзен арқылы өтетін паром қатынасы кедергі болып келген. Қазір көпір салу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ол ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл жүк тасымалын біршама арттыруға мүмкіндік береді»,- деді ол.

Астрахань облысының губернаторының айтуынша, қазір бұл бағытта паромды өткелек жұмыс істейді. Ол Қазақстаннан Ресейге және оған кері бағытта жүк және жолаушы тасымалдауға үлкен кедергі келтіруде. «Паромдар тәулік бойы жұмыс істейді. Соған қарамастан, олар екі жылдың ішінде үш есе өскен жүк және жолаушы тасымалының қазіргі ауқымына төтеп бере алмай отыр. Ал одан Қазақстаннан Ресейге тауар және кедендік төлемдер ретінде қолма-қол ақша түсетіні белгілі»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта