Әкім орынбасарының айтуынша, қазір 3174 орынға есептелген 11 дербес автопаркинг салынуда, жер телімдеріне қатысты ұсыныстар дайындалып, 43 000 орынға есептелген 91 паркингті рәсімдеу үшін жер қатынастары басқармасына жолданды.
Жеке және заңды тұлғалардан автокөліктер көп жиналатын нысандардың маңында автопаркингтер салу жөнінде 197 өтініш келіп түскен. 46 паркинг үшін деп дайындалған жер телімдерінің бір бөлігімен құрылысты салатын мердігерлер жұмыс істеп жатыр, деді Я.Заяц.
Қала әкімі орынбасарының айтуынша, Алматы қаласының сәулет және қала құрылысы департаментіне жеке және заңды тұлғалардан салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде автопаркингтер салу туралы 226 өтініш келіп түскен. Қазіргі жағдаймен 131 өтініш қаралып жатыр, 4829 орынға есептелген 34 паркинг салынып, 16147 орынға есептелген 61 партинг салыну үстінде.