Астанада Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді

Астанада Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. 2-қыркүйекте Астанада Орталық Азия елдері мемлекет басшыларының бейресми саммиті өтеді деп межеленген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Тамыз 2006
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекет басшылары қатысады.

«Алдағы келіссөздер барысында аймақтағы көкейкесті мәселелер, Орталық Азиядағы көп жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен шараларды дәйектеу жолдары талқыға салынады»,- деді дипломат.

«Саммитте талқыланады деп межеленген ең өзекті мәселенің бірі — аймақтағы су энергетикасы ресурстарын тиімді пайдалану проблемаларын шешу тетігі ретінде халықаралық су-энергетикалық консорциум құру жайы болмақ»,- деді СІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта