Өзбекстан президенті қыркүйектің басында елімізге мемлекеттік сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президенті қыркүйектің басында елімізге мемлекеттік сапармен келеді

Өзбекстан президенті қыркүйектің басында елімізге мемлекеттік сапармен келеді

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов 4-қыркүйекте елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Тамыз 2006
  • 346
Фото - Caravan.kz

Сапар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша жүзеге асады.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, «мемлекет басшыларының кездесуі барысында екі жақты қарым-қатынасқа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы бойынша, соның ішінде Орталық Азиядағы ахуал, өзара қызығушылық тудырып отырған өзекті халықаралық тауқыметтер бойынша пікір алмасылады».

«Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі ел президентінің бірлескен мәлімдемесі мен екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, статистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған басқа да бірқатар құжаттарға қол қою межеленген»,- деді ол.

«Қол қоюға дайындалған құжаттардың ішіндегі ең маңыздысы — екі елдің мемлекет басшыларының басқаруымен құрылатын мемлекетаралық үйлестіру кеңесі туралы ережелер болмақ. Ол аталмыш органның құрамы мен атқаратын функцияларын айқындайды»,- деді СІМ өкілі. «Мемлекетаралық үйлестіру кеңесі екі жақты ынтымақтастықтың басымдық берілген мәселелерін тиімді шешу үшін және екі ел арасындағы қарым-қатынастарды сапалық жоғары деңгейге көтеру үшін құрылады»,- деді Е.Ашықбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта