Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, шұғыл ақпараттың желісімен Алматы облысының Қарасай ауданында «Алтын Орда» базарының маңында «Волга» автокөлігі ұсталды. Автокөліктің қанатының астында арнаулы жабдықталған қоймадан 10 килограмм героин болуы мүмкін зат табылды. Автокөлікті Ош қаласының тұрғыны айдап келе жатқан. Тәркіленген ұнтақ зат сараптамаға жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті