Оқу-жаттығуларға министрліктер мен мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық құрылымдық органдары, Алматы және Астана қалалары мен облыстардың өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметтері, Алматы қалалық құтқару қызметі, апаттан құтқару қызметі мен қаладағы құрылымдар қатысады.
«Алатау-2006» командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуге дайындық мәселелері 1-қыркүйекте қалалық әкімшіліктің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі мекемеаралық комиссияның кеңейтілген отырысы барысында талқыланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті