ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары демократиялық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның өкілдерін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас пәтеріне жіберген орынды деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары демократиялық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның өкілдерін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас пәтеріне жіберген орынды деп санайды

ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары демократиялық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның өкілдерін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас пәтеріне жіберген орынды деп санайды

АСТАНА. 28-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Рахат Әлиев Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның өкілдерін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас пәтеріне жіберген орынды деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Тамыз 2006
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Мүмкін, Оралбай Әбдікәрімұлы сіздің, сондай-ақ, «Отан» партиясының төрағасы орынбасарының басқаруымен демократиялық реформалар жөніндегі мемлекеттік комиссияның өкілдерін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас пәтеріне жіберген қажет шығар»,- деді Рахат Әлиев бүгін мемлекеттік комиссияның отырысы барысында мемлекеттік хатшыға қаратып айтқан сөзінде.

«Еліміз бен қоғамымызды одан әрі демократияландыру бағытына батыл да түбегейлі бет алғанымызды біз нақты әрекеттерімізбен дәлелдеп, өзіміздің оппоненттерімізге Қазақстан жүргізіп отырған саясаттың нәтижелерін ашып көрсетуге тиіспіз деп санаймын»,- деді Р.Әлиев.

Осыған байланысты вице-министрдің пікірінше, «комиссия өкілдерінің сапары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдерге Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан іс-қызметтердің стратегиясын жан-жақты түсіндіріп тәптіштеуге мүмкіндік береді». «Бұл мемлекетіміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы форматындағы міндеттемелерін орындауға жұмсап отырған күш-жігеріне қатысты пайым-түсінігі аясын кеңейте түсуге көмектеседі»,- деді Р.Әлиев.

Осы орайда вице-министр еліміздің СІМ еліміздегі партиялар мен қозғалыс жетекшілері, соның ішінде мемлекеттік комиссияның мүшесі Әлихан Бәйменов үшін бұған дейін де Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушылармен осындай кездесулер ұйымдастырылғанын еске сала кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта