Семей аймағында жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей аймағында жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған - прокуратура

Семей аймағында жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған - прокуратура

СЕМЕЙ . 29 тамыз. Kazakhstan Today. Семей аймағында үстіміздегі жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жөнінде Семей қаласының прокуроры Игорь Ковалев құқық қорғау органдары өкілдерінің және бөлім басшыларының қатысуымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі жөнінде өткен кеңейтілген алқа жиынында мәлімдеді.

  • 29 Тамыз 2006
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Егер, жалпы 2005 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғалса, биыл небәрі 8 айдың ішінде осынша қылмыс тіркелді»,-дейді И.Ковалев.

Прокурордың айтуынша, қара ниетті мемлекеттік қызметкерлермен тек құқық қорғаушылар ғана емес, басқа да қызметтердің өкілдері күресуі тиіс. «Солай болған жағдайда ғана нәтиже шығуы мүмкін», -дейді ол.

Прокурордың сөзіне қарағанда, «жемқорлықпен қатар, қызмет бабын жеке басының мүддесіне пайдалану немесе пара алу арқылы тез байып кетуді көздегендер көбейіп барады». Мәселен, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы 161 мың теңгені жымқырған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Егер өткен жылы пара беру дерегі бір мәрте тіркелсе, биыл бірнеше айда қаржы полициясының қызметкерлері екі азаматты пара алу үстінде ұстады. Олардың үстінен де қылмыстық іс қозғалды», деп атап өтті Игорь Ковалев.

Перейти к новостям спорта