Солтүстік Қазақстан облысында егін алқабының небәрі 54% сақтандырылған - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысында егін алқабының небәрі 54% сақтандырылған

Солтүстік Қазақстан облысында егін алқабының небәрі 54% сақтандырылған

ПЕТРОПАВЛОВСК. 29 тамыз. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында шаруашылықтар егін алқабының небәрі 54% сақтандырған. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Солтүстік Қазақстан бөлімшесінің директоры Надежда Бремжанова хабарлаған.

  • 29 Тамыз 2006
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Егіншілік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру» заңына сәйкес, 1 қыркүйекке дейін сақтандырылуы тиіс 3 млн. гектар жердің тек 1 млн. 791 мың. гектары ғана сақтандырылды»,-дейді Н.Бремжанова.

Оның айтуынша, белгіленген мерзімге дейін жерлерін сақтандырмаған шаруашылықтарға айып салынады. Н.Бремжанова, «ұсақ шаруашылықтар 550 айлық есеп көрсеткіші көлемінде, ал ірі шаруашылықтар және ЖШС 1000 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейді», деп атап көрсетті.

Өткен жылы осы уақыт аралығында егін алқабының 80% сақтандырылған. «Трансойл» сақтандыру компаниясы 37 тосын жағдай тіркесе, соның он жетісінде 12 млн. теңге көлемінде сақтандыру төлеген. Тағы бір сақтандыру компаниясы- Бидай сақтандыру компаниясы- тіркелген барлық 25 жағдай бойынша өтемақы төлеген.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысындағы сақтандыру нарығында екі компания жұмыс істейді — «Альянс полис және «Валют -Транзит полис».