Денсаулық сақтау министрлігі СПИД-тің таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа бағдарлама жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі СПИД-тің таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа бағдарлама жасады

Денсаулық сақтау министрлігі СПИД-тің таралуына қарсы тұруға бағытталған жаңа бағдарлама жасады

АСТАНА. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Денсаулық сақтау министрлігі СПИД-тің таралуына қарсы тұру жөніндегі 2006-2010-жылдарға бағытталған жаңа бағдарлама жасады. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 31 Тамыз 2006
  • 652
Фото - Caravan.kz

«Біз СПИД-тің таралуына қарсы тұру жөніндегі 2006-2010-жылдарға бағытталған жаңа бағдарламаның жобасын жасадық. Онда донор қанының қауіпсіздігіне және медициналық мекемелердегі дезифекциялық және стерилизациялық тәртіптің сақталуына қойылатын бақылауды күшейтуге бағытталған шаралар қарастырылған»,- деді министр.

Оның айтуынша, бағдарламаның жобасы мемлекеттік мекемелерге келісуге берілген. Бұл құжатты үкімет қыркүйек айының ішінде қарап мақұлдайды дегенге министр сенім білдірді.

Е.Досаевтың айтуынша, бағдарламаның 2010-жылға дейінгі жалпы құны 6 млрд. 744 млн. теңгеге тең, оның 400 млн. теңгесі республикалық бюджеттен бөлінеді. 1,6 млрд. теңге жергілікті бюджеттерге трансферт түрінде бөлінсе, 4 млрд. теңге — халықаралық және донорлық ұйымдардың қаржысы болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта