Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны 30 процентке қысқартылады - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны  30 процентке қысқартылады - президент

Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны 30 процентке қысқартылады - президент

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің саны 30 процентке қысқартылады. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламенттің үшінші сессиясының ашылуына арналған парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2006
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Министрліктер саясатты айқындау мен оның жүзеге асырылуын қадағалау, саяси шешімдер қабылдау, нормативтер шығару және комитеттердің іс-қызметін үйлестіру функцияларын атқаруға тиіс»,- деді Н.Назарбаев. «Өз кезегінде министрліктердің жанындағы комитеттер саясатты жүзеге асырумен дербес айналысып, бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиіс»,- деді ол.

Сонымен бірге президенттің айтуынша, министрліктер, мекемелер мен әкімшіліктердің толыққанды жұмыс істеуі үшін олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы дербестігі мен құзыреті күшейтілуге тиіс. «Сонда ғана бізде шаруашылық субьектілерінің экономикалық іс-қызметіне араласпайтын жинақы әрі кәсіби үкімет болады»,- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта