Астанада Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру проблемалары талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру проблемалары талқыланады

Астанада Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру проблемалары талқыланады

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. 6-7-қыркүйекте Астанада "Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің ережелерін жүзеге асыру проблемалары: заңнама және Қазақстан Республикасындағы құқықты қолдану тәжірибесі" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 4 Қыркүйек 2006
  • 461
Фото - Caravan.kz

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың хабарлағанындай, «дөңгелек үстелді» ҚР СІМ мен «Адам құқықтары үшінгі Хартия» қоғамдық қоры, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесі, Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Алматыдағы орталығы бірлесе ұйымдастырады.

«Шараның басты мақсаты — пактінің мазмұны мен оны іске асыруға қатысты тәжірибелік мәселелерді мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесе талқылауға саяды»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта