Батыс Қазақстан облысы әкімнің тағы бір орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысы әкімнің тағы бір орынбасары тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімнің тағы бір орынбасары тағайындалды

Орал . 5 қыркүйек. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында әкімнің тағы бір орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыс әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Қыркүйек 2006
  • 555
Фото - Caravan.kz

«Облыс әкімі Нұрғали Әшімов облыс активтері жиналысында жаңы орынбасары Салықов Ербол Гумарұлын таныстырды»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің өкілдері, Е.Салықовтың қандай мәселелермен айналысатынын айтпады.

Е. Салықов 1964 жылы туған, 1985 жылы Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы институтын, инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын Оралдағы мемлекеттік аңшылық шаруашылығында бас инженер болып бастады, Жанғалы аудандық комсомол ұйымын басқарған, Жанғалы ауданы әкімінің орынбасары болып істеген, облыс әкімдігіндегі ұйымдастыру бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарған. 2003 жылдың маусым айынан бастап облыс әкімдігіндегі ұйымдастыру бақылау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды. 2004- жылдан бастап Шыңғырлау ауданы әкімдігін басқарды.

Тамыз айында БҚО әкімінің орынбасары болып Асхат Акчурин тағайындалған болатын. Ол кәсіпкерлік, құрылыс, байланыс, жанармай энергетикалық және мұнай газ кешендері салаларын басқарады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта