«Бүгін қол қойылған келісімде жобаны басқарушы аймақтық топтың еліміз аумағында орналасу және жұмыс істеу шарттары қарастырылған. Қазақстанда жобаны басқарушы аймақтық топ халықаралық ұйым ретінде жұмыс істейді, ұйымның кеңсесі Алматыда орналасады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жобаны басқарушы аймақтық топ 2005-жылдың қазан айында құрылған. Жобаны басқарушы аймақтық топ — атқарушы орган. Ол Орталық Азиядағы СПИД індетімен күрес жобасының аясында 2005-жылдың 12-мамырында Алматыда Орта Азиялық ынтымақтастық ұйымы мен Халықаралық даму қауымдастығы арасында қол қойылған даму мақсатына арналған грант жөніндегі келісімді жүзеге асырады.
«Басты мақсат — ВИЧ пен СПИД-тің таралу қарқынын бәсеңдету, Орталық Азия аймақтық СПИД қорын құру, СПИД-пен күрес мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелер, бейресми ұйымдар мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті