Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі саудасына қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің жанында жұмыс істейтін бұл орталық «есірткіге тәуелді адамдарды оңалту, сондай-ақ есірткіні теріс пайдаланудың алдын алу мақсатында құырлған.
«Осындай атпен бұрын тіркелген акционерлік қоғам таратылып, соның орнына жаңа мекеме құрылды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Осыған байланысты есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» акционерлік қоғамын тарату және оның мүлкін жаңа мекемеге беру жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Орталықты қаржыландыруды Ішкі істер министрлігі республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырады деп белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті