«Сіздердің облыстарыңыз елдегі ең басты бидай өндіруші болған, солай бола береді де. Сіздер республика бойынша бидай көлемінің төрттен бірін өндіруге шамаларыңыздың келетініне мен толық сенемін», деді Н.Назарбаев. «Біздің ел дүниежүзі сауда ұйымына кіруге ниет білдіріп отыр, сондықтан ауыл шаруашылығын барынша дамыту қажет. Біздің өнім әлемдік нарықта бәсекелестік тудыратын жоғары сапалы болуы тиіс», деп атап өтті президент.
Сондай-ақ , кездесу барысында облыс әкімі Тайыр Мансұров Елбасына ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісі жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылу барысы жайында мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті