Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі денсаулық сақтау департаменті директорын қызметінен босату негізсіз деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі денсаулық сақтау департаменті директорын қызметінен босату негізсіз деп есептейді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі денсаулық сақтау департаменті директорын қызметінен босату негізсіз деп есептейді

ШЫМКЕНТ. 6 қыркүйек . Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыруына байланысты денсаулық сақтау департаментінің директорын қызметінен босату негізсіз, деп есептейді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Денсаулық сақтау департаментінің директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова тергеу жұмыстарын соңына дейін жеткізуге көмектесуі тиіс, эпидемиологиялық жағдайды талапқа сай қалпына келтіруі керек,-деді Б.Жылқышиев.»Менің пікірімше, қылмыстық істің аяқталуын күту қажет, эпидемиологиялық тексерулердің соңғы нәтижесі шыққаннан кейін ғана қандайда бір шешім қабылдау дұрыс болар еді «.

Облыс әкімі аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына бірнеше себеп бар дейді. Оның пікірінше, ВИЧ індетінің тарауына ең басты себеп болып отырған жағдай — облыстың Өзбекстанмен шектесуі. «Қысқартылған визалық тәртіп, мигранттардың ағылуы, заңсыз еңбек етушілер, оның ішінде жыныстық қатынас арқылы ақша тауып жүргендер бар, мұның бәрі жұқпалы дерттердің тарауына ықпал етіп отыр»,-деді Б.Жылқышиев. Тіпті, науқастар өз беттерінше Өзбекстанға барып емделеді. Айта кету керек, ВИЧ індетін жұқтырғандардың біреуі көрші елде туған, төртеуі өзбекстандық ауруханаларда бірнеше мәрте ем қабылдаған».

Осыған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Қазақстан облысында қатерлі дертке шалдыққан 40 бала анықталған болатын. Осы деректі тексеру мақсатында құрылған арнайы комиссия жұмыс барысында облыстағы медициналық мекемелерде көптеген заң бұзушылықтарды анықтады.

Өткен аптаның соңында денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев облыстағы балалардың ВИЧ -індетін жұқтыруына басшылар жауап беруі тиіс, деп мәлімдеген болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта