Алматыда жалға берілген 20 балабақша 2007 жылы жұмысын қайта жандандырады қала әкімінің орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалға берілген 20 балабақша 2007 жылы жұмысын қайта жандандырады  қала әкімінің орынбасары

Алматыда жалға берілген 20 балабақша 2007 жылы жұмысын қайта жандандырады қала әкімінің орынбасары

АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда кезінде жалға берілген 20 балабақша келесі жылы қайта іске қосылады. Бұл жөнінде кәсіпкерлермен кездескен қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 517
Фото - Caravan.kz

С.Сейдумановтың айтуынша, қалада балабақшаларға қатысты жағдай «өте қиын». Жалға берілген бұрынғы 12 балабақша ғимаратында қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде, дейді ол. «Жыл соңына дейін тағы 8 ғимаратты босатып, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Келесі жылы 20 балабақшаны іске қосамыз», деп атап өтті С.Сейдуманов. Яғни, тағы 500 орын пайда болады деген сөз.

Алайда, С. Сейдуманов балабақшалардың қай ауданда іске қосылатындығын айтпады.

Әкім орынбасарының пікірінше, қалада «жылына бес мектеп және жалғастыра салынған жай (қазіргі мектеп ғимараттарына — Kazakhstan Today агенттігінің ескертуі) салу керек». «Әзірге біз үш-төрт мектептің деңгейіне шықтық. Ал орта білім ордаларындағы сұранысты толық қамтамасыз ету үшін және балалардың бір мезгілде оқуы үшін шамамен 25 мектеп керек», деді С.Сейдуманов.

Алайда, орынбасардың айтуына қарағанда, басшылар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме құрылысын бастауды межелеп отырған жоқ. «Қалада әзірге балабақша салынбаса да , мектеп салу қажет»,-дейді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта