«Бағаны бастапқы кезеңде 25 процентке арзандатудың өзі тұтынушылар санын көбейтуге септігін тигізді», — деді А.Жұмағұлов. «Егер жыл басында еліміз азаматтарының 2,7 проценті ғана тұтынса, қазір 4 проценті Интернетті белсенді тұтынатын болды»,- деді ол.
Агенттік төрағасының айтуынша, Интернет желісі қызметінің бағасы жыл басынан бері күндізгі уақытта екі есе, ал түнде төрт есе арзандытылды. «1-қыркүйектен бастап бағаның тағы да арзандытылуы аталмыш көрсетішті әлі де біршама көбейтуге мүмкіндік береді деп сенемін»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті